Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Медиажобалар бөлімінің аға сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Медиажобалар бөлімінің аға сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Медиажобалар бөлімінің аға сарапшысы, В1-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; ҚСЗИ қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен хат алмасу; сараптамалық кездесулер, баспасөз конференциялары, брифингтер, мастер-кластар, баспа материалдарының тұсаукесерлерін өткізу; ҚСЗИ журналистермен, БАҚ өкілдерімен тұрақты және екі жақты байланысты қамтамасыз ету; PR-материалдарды дайындау және іске асыру (медиа-жоспарлар, контент-жоспарлар, промо-жоспарлар, пресс-релиздер); Facebook, Instagram, Twitter, Telegram, Youtube-арна, ҚСЗИ ресми сайтының ақпараттық және контенттік толтырылуын жүзеге асыру.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
В1-4482 011581 699

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; «магистр» академиялық дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 1 жыл; ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD ғылыми дәрежесі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.

7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе қағаз түрінде пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.