«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Медиажобалар бөлімінің бас сарапшысы, В1-2 санаты
Функционалдық міндеттері: Жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, перспективалық және ағымдағы бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу, осы бағыт шеңберінде жекелеген іс-шараларды немесе олардың кешенін ұйымдастыру және оларды ақпараттық сүйемелдеу. Ұйым саясатының жалпы басымдықтарына және оның даму перспективаларына сәйкес қоғаммен байланыс саласындағы ұйым қызметінің жекелеген бағытының ақпараттық-жарнамалық стратегиясын қалыптастыруға қатысу. Жұртшылықпен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылдың нысандары мен әдістерін таңдауды жүзеге асыру, баспасөз конференцияларын, брифингтерді, медиа-киттерді, бэкграундтарды, ұйым басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарындағы сұхбаттарын ұйымдастыру. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін ұйымның қызметі туралы пресс-релиздер, корпоративтік бюллетеньдер, оның қызметі туралы өзге де ақпараттық материалдар дайындау. ҚСЗИ қызметінің ақпараттық стратегиясын қалыптастыруға қатысу, қоғамдық пікірді зерделеу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау және ҚСЗИ қызметі туралы жұртшылықтың пікірін зерделеу және айқындау жөніндегі өз бағдарламаларын жасау, ақпарат жинау, оның ішінде әлеуметтанулық зерттеулерді қолдана отырып, ақпараттық көздердің үздіксіз мониторингі. Ақпараттық нарықтың және қоғамдық коммуникациялар саласының жай-күйін талдау және өзгеруін болжау, ақпараттық-талдамалық жұмыс бойынша ҚСЗИ саясатын түзету жөнінде шаралар қабылдау.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
В1-2 | 557 599 | 672 624 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде 10 жыл; «магистр» академиялық дәрежесі болған кезде лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; өнертабыстарға ғылыми еңбектері мен авторлық куәліктері және Ph.D ғылыми дәрежесі болған кезде жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.
Сонымен қатар, жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе қағаз түрінде пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.