«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Медиажобалар бөлімінің сарапшы, уақытша 27.09.2024 ж. дейін негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыс кезеңіне, В1-5 санаты
Функционалдық міндеттері: Facebook, Twitter, Instagram, Telegram, институттың ресми сайтына ақпараттық және контенттік толтыруды жүзеге асырады; Институт қызметкерлерінің жарияланымдарына мониторинг жүргізеді және ілгерілетуді қамтамасыз етеді. Бөлім басшысына атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынады; Институт қызметкерлерінің БАҚ-та сөйлеген сөздері бойынша апта сайынғы есептерді жасайды; Институт қызметкерлерінің жарияланымдары мен сөз сөйлеулеріне бұқаралық ақпарат құралдарының күнделікті мониторингін жүзеге асырады; тақырыптық дайджесттер жасайды; журналистерді аккредиттеу жөніндегі құжаттарды дайындайды.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
В1-5 | 468 865 | 565 267 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.
Сонымен қатар, жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.