Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Саяси зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Саяси зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-30-59, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Саяси зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы, В1-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметінің бағыты бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу, оның ішінде талдамалық жазбаларды, сөз сөйлеу тезистерін, ғылыми мақалаларды, баяндамаларды, сондай-ақ ақпараттық жарияланымдарды дайындау; бөлімнің тақырыбы бойынша ғылыми-практикалық конференцияларды, «дөңгелек үстелдерді», сараптамалық кездесулерді ұйымдастыру және қатысу; Бөлім жұмысының жоспарларын орындау; республикалық және халықаралық сараптамалық іс-шараларға қатысу; БАҚ-та сөз сөйлеу.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
В1-4563 755, 63680 350, 55

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі)  білім және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; «Магистр» академиялық дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 1 жыл; ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD ғылыми дәрежесі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) соңғы жұмыс орнынан сипаттама;

7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылық тарапынан  мінездеме көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-30-59.