«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Стратегиялық талдау бөлімінің жетекші сарапшысы, В1-3 санаты
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметінің бағыты бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу, оның ішінде талдамалық жазбаларды, сөз сөйлеу тезистерін, ғылыми мақалаларды, сондай-ақ ақпараттық жарияланымдарды дайындау; бөлімнің тақырыбы бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, «дөңгелек үстелдер», сараптамалық кездесулер ұйымдастыру; республикалық және халықаралық сараптамалық іс-шараларға қатысу; БАҚ-та сөз сөйлеу, ғылыми зерттеулер жүргізудің жоспарлары мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлеу, бөлім қызметінің бағыттары бойынша ғылыми ақпаратты жинауды, зерделеуді және талдауды ұйымдастыру.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
В1-3 | 507 207 | 611 277 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жоғары білім және жұмыс өтілі кемінде 7 жыл; немесе «Магистр» академиялық дәрежесі болған кезде лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 4 жыл; немесе ғылыми еңбектері және өнертабыстарға авторлық куәліктері болған кезде және PhD ғылыми дәрежесіне болған жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттама.
Сонымен қатар, жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылық тарапынан мінездеме көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.