«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, телефоны: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 221),
E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Түркістан облысы бойынша өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, толық емес жұмыс уақытына 0,25 ставкаға, В1-2 санаты
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметінің негізгі бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу (өңірді дамытудың өзекті мәселелері туралы талдамалық баяндамалар, өңірге қатысты зерттеу тақырыптары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жазылған жазбалар, өңірлік ақпарат көздерін мониторингілеу және шолу нәтижелері бойынша талдамалық дайджесттер), бөлім қызметінің бағыттары бойынша ғылыми ақпаратты жинауды, зерделеуді және талдауды ұйымдастыру (әкімдердің, мәслихат депутаттарының халықпен кездесулеріне, сондай-ақ облыстың/қаланың/ауданның қоғамдық кеңестерінің отырыстарына, сараптамалық кездесулерге және өзге де қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысу қорытындылары бойынша есеп). Өңірде ҚСЗИ әріптестік желісін кеңейтуге жәрдемдесу және өңірлік сарапшылармен коммуникацияны тұрақты қолдау, атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимыл орнату (облыс бойынша сарапшылардың дерекқоры), бөлімнің тақырыбы бойынша ҚСЗИ-де «дөңгелек үстелдерді» дайындауға және өткізуге қатысу, сондай-ақ ҚСЗИ басшылығының жұмыс кездесулері.
Лауазымдық жалақысы:
| Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
| min | max | |
| В1-2 | 163 040, 69 | 196 673, 84 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және жұмыс өтілі кемінде 10 жыл; немесе «магистр» академиялық дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; немесе өнертабыстарға ғылыми еңбектері мен авторлық куәліктері және PhD ғылыми дәрежесі болған кезде жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Түркістан облысында тұру.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттама;
7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылық тарапынан мінездеме көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 520 каб., телефон: +7 (7172) 57-21-06 (ішкі 221).

