«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Жаһандық экономика және орнықты даму бөлімінің бас ғылыми қызметкері, В1-1 санаты
Функционалдық міндеттері: Институт жұмысының жылдық, ағымдағы, тақырыптық жоспарларында бөлім үшін көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру, зерттеу жүргізу әдістері мен құралдарын таңдау, олардың түпкі мақсаттары мен болжамды нәтижелерін қалыптастыру, бөлім алдына қойылған міндеттерді шешу жолдарын айқындау; тұжырымдамалардың, нормативтік-құқықтық, бағдарламалық және әдістемелік құжаттардың, болжамдардың жобаларын әзірлеуге қатысу және халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті зерттеу аясындағы ұсыныстар; бөлім қызметінің бағыты бойынша қолданбалы сипаттағы ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу; жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындаушыларын айқындау, жоспарда көзделген тапсырмалардың орындалуын бақылау, сондай-ақ бөлім қызметкерлері орындаған ғылыми жұмыстардың сапасына жауапкершілік; бөлім қызметінің бағыты бойынша іс-шараларды дайындау мен өткізуге жедел басшылықты жүзеге асыру; институттың шетелдік және халықаралық ғылыми байланыстарын кеңейту жөніндегі бастамалар ғылыми орталықтар өткізетін ғылыми форумдарға қатысады; республикалық және халықаралық сараптамалық іс-шараларға қатысу; БАҚ-та сөз сөйлеу.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
В1-1 | 686 865 | 739 448 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, ғылым докторы ғылыми дәрежесі және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі, ірі ғылыми еңбектердің немесе ашылуға арналған дипломдардың және өнертабыстарға авторлық куәліктердің, сондай-ақ практикада іске асырылған нәтижелердің болуы, тиісті білім саласындағы ғылыми бедел.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.
Сонымен қатар, жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172) 75-23-55.