«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 57-21-06, іш. 221, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Жаһандық экономика және орнықты даму бөлімінің басшысы, А2-1 санаты
Функционалдық міндеттері: Институттың жылдық, ағымдағы, тақырыптық жұмыс жоспарларында бөлімдер үшін көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру, зерттеу жүргізу әдістері мен құралдарын таңдау, олардың түпкі мақсаттары мен болжамды нәтижелерін қалыптастыру, міндеттер бөліміне қойылған шешу жолдарын анықтау. Экономикалық саясатты зерттеуге тұжырымдамалардың, бағдарламалық және әдістемелік құжаттардың, болжамдар мен ұсыныстардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу, бөлім қызметкерлерінің орындаушылық тәртібін бақылауды жүзеге асыру және т. б.
Лауазымдық жалақысы:
| Санаты | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
| min | max | |
| А2-1 | 748 257,48 | 909 696,59 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің болуы, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл, немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) алдыңғы жұмыс орындарының сипаттамалары, кем дегенде екі.
7) жеке куәліктің дербес деректерді ұсыну.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 520 каб., телефон: +7 (7172) 57-21-06, іш. 221.

