Президент Қ. Тоқаев Әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған Заңға қол қойды. Бұл құжат негізінде 15 заңнамалық актісіне, оның ішінде жеті кодекс пен сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілік қатаңдатылды.
Қазіргі кезде қазақстандық қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті екені айқын. Статистикалық деректерге сүйенсек, Бас прокуратураның мәліметінше, елімізде жыл сайын абьюзерлердің қолынан кемінде 80 әйел қаза табады, күнделікті құқық қорғау органдарына тұрмыстық-зомбылық фактілері бойынша 300-ге жуық арыз келіп түседі. 2023 жылы Құқық қорғау органдарына тұмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мың шағым түскен. Сонымен бірге, БАҚ пен әлеуметтік желілерде де күнделікті осы проблемаға қатысты түрлі жағдайлар мен құқық бұзушылық фактілері туралы ақпаратта тарап жатады. Оған қоса, аталған заң жобасын Сенатта талқылау кезінде 154 мыңнан астам қазақстандық отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатқаны үшін онлайн петицияға қол қойды. Бұл қазақстандық қоғамда аталған мәселеге қатысты алаңдаушылық бар екенін байқатады.
Сол себептен, заңда көрсетілген өзгерістер алдағы уақытта қазақстандық қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін, сондай-ақ азаматтардың санасында адам құқықтары бірінші орында тұратын, жеке тұлғаның қадір-қасиеті танылатын қоғамдық қатынастардың жаңа заманауи моделін қалыптастыруыны ықпалын тигізуі тиіс. Сонымен бірге, консолидациялық маңызы жоғары отбасы институтын нығайтуға және кәмелет жасқа толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлесін қосуы қажет.
Өтеғали Дулат,
ҚР Президенті жанындағы
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты
Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы