ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды.
Бағдарламаның мақсаты отандық жас зерттеушілердің сарапшылық және ғылыми-зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, қоғамдық ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуіне қолдау көрсету болып табылады.
Өтінімдер 18 шілдеден бастап 15 тамызға дейін қабылданады.
Бағдарламаға қатысуға гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша магистр дәрежесі, ғылыми жарияланымдары, сондай-ақ кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының 40 жасқа дейінгі азаматтары шақырылады.
Үміткерлерді іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер өтінімді бекітілген ережеге сәйкес granty.kisi@gmail.com электрондық мекенжайға жіберуі қажет.
Іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен үміткерлер таңдалған тақырыптарға сәйкес жеке сараптамалық баяндамалар әзірлеуі тиіс. Бағдарламаға қатысушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша бірқатар оқыту тренингтері мен семинарлар жүргізіледі.
Зерттеу бағыттары:
- Қоғамдық-саяси өзгерістердің бағыттары
- Әлеуметтік және экономикалық даму бағдарлары
- Қазақстанның әлемдік және аймақтық саясаттағы орны
Байқау қорытындысы бойынша саяси, экономикалық және әлеуметтік тақырыптарға арналған үздік материалдар іріктеледі. Бағдарламаның финалистеріне 1 000 000 миллион теңге мөлшерінде қаржы бөлінеді.
Келесі жағдайларда ҚСЗИ себептерін көрсетпей Өтінімді қараудан бас тартуға құқылы:
- Өтінімді хабарламада көрсетілген мерзімнен кеш ұсыну;
- Үміткердің құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы, Өтінімде толтырылмаған тармақтардың болуы және/немесе Өтінімнің/Үміткердің осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеуі;
- құжаттардағы дәйексіз деректердің анықталуы;
- ҚСЗИ үшін беделдік нұқсан келтіретін мәліметтердің анықталуы;
- құжаттардың скан-көшірмелерінің сапасының төмендігі.
Келесі жағдайларда ҚСЗИ себептерін көрсетпей Жобаны қараудан бас тартуға құқылы:
- Жобаға қатысушының жеке Талдамалық баяндаманы осы Ережеде белгіленген мерзімнен кеш ұсынуы;
- Жеке талдамалық баяндаманың жобасында толтырылмаған тармақтардың болуы;
- құжаттарда дәйексіз деректердің анықталуы;
- ҚСЗИ үшін беделдік нұқсан келтіретін мәліметтердің анықталуы.
Өтінім келесі құжаттарды қамтиды:
- Осы Ереженің №2 қосымшаға сәйкес толтырылған өтініш нысаны;
- Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың скан-көшірмесі;
- Жоғары білім туралы дипломның скан-көшірмесі (маманның/бакалаврдың);
- Магистратураны бітіргені туралы дипломның скан-көшірмесі;
- философия докторы (PhD)/ профилі бойынша доктор/ ғылым кандидаты/ ғылым докторы (бар болса) бітіргені туралы дипломның скан-көшірмесі;
- Еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжаттардың скан-көшірмелері;
- Ғылыми еңбектерінің, жарияланымдарының скан-көшірмесі;
8) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі шоты туралы анықтаманың скан-көшірмесі.
Конкурс туралы толық ақпарат және зерттеу тақырыптарының тізімі kisi.kz сайтында жарияланған.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 2022 жылғы 18 шілдеден 15 тамызға дейін. Байланыс үшін: +77025197282; +77071128424
Электрондық мекенжайы: granty.kisi@gmail.com