Қытай – 2020 жылдың қорытындысы бойынша, коронавирустық пандемия жағдайында экономикасы 2,3% оң өсім көрсеткен жалғыз мамлекет.
2020 жылдың 4 тоқсанының аяғында, бұл ел «Covid дейін» өсу деңгейіне орала алды. Мәселен, егер 2020 жылдың бірінші тоқсанында ЖІӨ жылдық есептеуде 6,8%-ға қысқарса, екінші тоқсанның өзінде өсу қарқынына 3,2%-ға, үшінші тоқсанда – 4,9%-ға, төртінші тоқсанда – 6,5%-ға орала алды. 2020 жылы ЖІӨ көлемі 101,59 млрд юань (15 трлн АҚШ долл. астам) құрады. ҚХР Үкіметі 2020 жылдың басында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң шектеу шараларын уақтылы енгізді және экономиканы қолдауға және қалпына келтіруге бағытталған бірқатар дағдарысқа қарсы шараларды қабылдады.
ХВҚ-ның «Әлемдік экономиканың даму перспективалары» (сәуір, 2021) жаңартылған болжамына сәйкес Қытайдағы экономикалық өсу ағымдағы жылы 8,4% деңгейінде, 2022 жылы 5,6%-ға төмендеумен күтілуде.
Материалдың толық нұсқасын мына жерден қараңыз.