Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты басып шығаратын «Қоғам және дәуір» ғылыми-сараптамалық журналы әлеуетті авторларды ғылыми мақалаларын жариялауға шақырады.
2021 жылғы 19 шілдедегі № 597 бұйрыққа сәйкес журнал саяси ғылымдар саласы бойынша ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізілімге енгізілген.
Біздің мақсатымыз – «Қоғам және дәуір» ғылыми-сараптамалық журналын ҒЖБСҚК ұсынған тізбеге Әлеуметтану бағыты бойынша кіргізу.Журнал ғылыми жаңалығы бар, әдіснамалық тұрғыдан негізделген, эмпирикалық деректерге сүйенген және өзекті әлеуметтік мәселелерді талдайтын мақалаларды қабылдайды.
Егер Сіз әлеуметтік үдерістерді талдаумен айналысатын ғалым, зерттеуші, оқытушы, докторант немесе сарапшы болсаңыз, Сізді мақала жолдауға шақырамыз.
Бұл бастама әлеуметтік үдерістерді, қоғамдық трансформацияларды, құндылықтар динамикасын, азаматтық белсенділікті, әлеуметтік теңсіздік мәселелерін, цифрлық қоғамды, демографиялық және аймақтық зерттеулерді ғылыми тұрғыда талқылауға арналған тұрақты академиялық алаң қалыптастыруды көздейді.
Біз келесі бағыттар бойынша мақалаларды қабылдаймыз:
- қоғамдық пікір мен әлеуметтік мониторинг;
- әлеуметтік стратификация және мобильділік;
- азаматтық қоғам және әлеуметтік капитал;
- жастар, отбасы және демография;
- цифрландыру және әлеуметтік өзгерістер;
- өңірлік әлеуметтік даму;
- қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі.
Біз не ұсынамыз?
- ғылыми талаптарға сай екіжақты соқыр рецензиялау;
- кәсіби редакциялық сүйемелдеу;
- ғылыми-сараптамалық қауымдастық арасында таралым;
- саяси ғылымдар саласы бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ЖБССҚЕК) ұсынған тізімдегі журналда жариялану мүмкіндігі.
Қосымша ақпарат пен мақалаларды қабылдау талаптары журналдың ресми сайтында жарияланған: https://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd.


