Вашингтонға жұмыс сапары және АҚШ-тың жетекші талдау орталықтарымен кездесулер аясында ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов America First Policy Institute (AFPI) сарапшыларымен кездесті.
AFPI-дің Сыртқы саясат бастамасының төрайымы, сыртқы саясат және энергетикалық дипломатия саласындағы қызметімен танымал Карла Сэндс АҚШ-та өтетін «С5+1» президенттік саммитінің тарихи маңыздылығын атап өтті.
Сарапшылар Қазақстан мен АҚШ арасындағы жалпы құны 17 млрд АҚШ долларынан асатын келісімдер аясында нығая түскен стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылады. Аталған келісімдер энергетика саласы мен жоғары технологиялар бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жандос Шаймарданов сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев жүзеге асырып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы баяндады.
Карла Сэндс Орталық Азия елдерімен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау және өңірге сапармен келуге қызығушылық білдірді.



