Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да армяндық сарапшымен кездесу өтті

ҚСЗИ-да армяндық сарапшымен кездесу өтті

2025 жылғы 18 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) институт сарапшылары Армения Қолданбалы саяси зерттеулер институтының (APRI Armenia) ғылыми қызметкері Сергей Мелконянмен кездесті.

Кездесу барысында Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Армения арасындағы қазіргі жағдай мен болашақтағы қатынастар талқыланды. Қатысушылар екі елдің сыртқы саяси басымдықтарына және оларды аймақтық тұрақтылық пен орнықты дамуды нығайту контексінде ұштастыру мүмкіндіктеріне назар аударды.

Тараптар ҚСЗИ мен APRI Armenia арасындағы сараптамалық өзара іс-қимылдың маңыздылығын, Қазақстан мен Армения сарапшылық қауымдастықтары арасында өзара түсіністікті тереңдетудің және орнықты серіктестікті қалыптастырудың маңызды құралы ретінде атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыстарды қолдауға және бірлескен бастамаларды дамытуға дайын екендіктерін растады. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

blank