Кеңес 2023 жылы құрылып, өзінің білімі мен идеяларымен бөлісуге дайын тәжірибелі және сауатты экономистерді біріктіретін бейресми сараптамалық алаң ретінде танылды.
Биылғы Кеңестің бірінші отырысында экономистер, сала сарапшылары Қазақстандағы ағымдағы экономикалық жағдайды және мемлекеттің назарында болуы тиіс ең өзекті мәселелерді талқылады.
ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымовтың айтуынша, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара әрекеттестік экономикалық саясатты әзірлеуді айтарлықтай жақсарта алады: «Президент сараптамалық қоғамдастыққа бірнеше рет сын айтып, экономиканы дамытудың жаңа тәсілдерін іздеудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар сарапшылар тарапынан да көбірек қатысу және кері байланыс күтіледі. Сараптамалық кеңес құру – бұл сұраққа жауап».
Кеңес отырысы алғаш рет ҚР Ұлттық банкінің басшысы Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен өтті. «Елімізде негізінен қолданбалы сипатқа ие көптеген мемлекеттік институттар бар. ҚСЗИ-дың көшбасшылық рөлі өте орынды әрі дұрыс. Біз ел басшылығына, Мемлекет басшысына, Үкіметке және қаржы секторына пайдалы болатын стратегиялық көзқарас пен нақты пәндік шешімдер арасындағы тепе-теңдікті сақтай аламыз деп үміттенеміз. Бұл шешімдерді біз өз жұмысымызда сәтті қолдана аламыз».
Кездесудің спикерлері Сараптамалық кеңес отырыстарының жаңа форматтарын ұсынды: сессияларды тақырыптар бойынша бөлу және нақты ұсыныстар әзірлеу үшін неғұрлым тар құрамда өткізу; зерттеулер жүргізу; Кеңес тақырыбын, оның мерзімділігі мен құрамын алқалы түрде таңдау. Өткен Кеңестің қатысушылары академиялық ортадағы басқа экономистер мен сарапшыларды өз идеяларын ұсынуға шақырды.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельева; «Talap» қолданбалы зерттеулер орталығы қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рахым Ошақбаев; Зерттеу және консалтинг орталығының серіктесі Әнуар Боранбаев; экономистер Айдархан Құсайынов пен Жарас Ахметов; «Halyk Finance» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, экономист Мұрат Темірханов; «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Ғалым Құсайынов; экономист Расул Рысмамбетов; «Dasco Consulting Group» басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасов; «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов; «Desht» талдау орталығының басшысы Қуаныш Жайықов; ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов; ҚР жобалық менеджерлер одағының вице-президенті Арман Евниев; Ұлттық Банк Төрағасының кеңесшісі Сәбит Хәкімжанов; «Ulagat Consulting Group» консалтингтік компаниясының директоры Марат Қайырленов; «Zertteu Group» ЖШС басқарушы серіктесі Арман Ыдырысов; «Talap» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Асқар Кысықов; Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков; ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин; AERC қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі, экономист Жақсыбек Құлекеев; Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов; «Нархоз Университеті» АҚ қауымдастырылған профессор – зерттеушісі Мұрат Исабаев; АДБ штаттан тыс экономисі Ерлан Хасенбеков; «Jusan Analytics» басқарушы директоры Әнуар Қуандықов; «Атамекен» ҚР ҰКП экономисі Талғат Ерғалиев қатысты.