29 қарашада ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Саудтық халықаралық стратегиялық әріптестік орталығының (SCISP) делегациясымен кездесу өтті.
Делегация басшысы, Орталық Президенті Раад әл-Баракати елдер арасындағы ынтымақтастықтың дамуы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне тоқталып, қос елдің инвестициялық ахуалы, сондай-ақ экономикалық дамудың басым бағыттары бойынша ақпарат алмасты.
Атап айтқанда, қос тарап энергетика, АӨК, қаржы секторы және туризм салаларындағы даму әлеуетін талқылады.
Делегация ҚСЗИ қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.