Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Таиландпен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

ҚСЗИ-да Таиландпен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

2025 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  ханым Пияпин Нийоммреркспен кездесу өтті.

ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Елшіні институттың қызметімен және негізгі зерттеу бағыттарымен таныстырды. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін, серіктестік қатынастарды тереңдету әлеуетін, соның ішінде сарапшылық бағыттағы өзара іс-қимылды талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өз кезегінде Пияпин Нийоммреркс ханым Қазақстан мен Таиланд арасындағы серіктестікті дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін атап өтіп, өзара түсіністікті нығайтудың және сарапшылық диалогты кеңейтудің маңыздылығына назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тұрақты байланыстарды қолдап, сарапшылық ынтымақтастықты күшейту ниеттерін растады. Кездесуді қорытындылай келе, ҚСЗИ директоры таиландтық делегация өкілдерін ағымдағы жылдың қазан айында өтетін Astana Think Tank Forum-ға қатысуға шақырды.