Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Вьетнам делегациясымен кездесу өтті

ҚСЗИ-да Вьетнам делегациясымен кездесу өтті

6 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саясат академиясының (Вьетнам) делегациясымен кездесу өтті. Іс-шара саяси зерттеулер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және сараптамалық диалогты тереңдету мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында тараптар бірлескен іс-шаралар өткізу, ғылыми ақпаратпен алмасу және ұзақ мерзімді серіктестік тетіктерін әзірлеу мәселелерін талқылады.