11 желтоқсан күні Орталық Азия мен Оңтүстік Корея сарапшылары ынтымақтастықтың басым бағыттарын, оның ішінде сараптамалық өлшеуді талқылады.
Кездесу барысында ҚСЗИ директоры өзара әрекеттестіктің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін қазіргі халықаралық турбуленттілік жағдайындағы сараптамалық диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Еркін Тұқымов өңірді дамыту мүмкіндіктері туралы айта отырып, көліктік-логистикалық байланысты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жеделдетуге, автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі жұмысты жандандыруға назар аударуды ұсынды. Сонымен қатар халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылда Орталық Азиядағы институционалдық байланыстарды дамытуға да көңіл бөлуге шақырды.
«Корея Республикасы – Қазақстанның маңызды серіктесі. Сондай-ақ инвестиция көлемі бойынша 6-шы орында. Қазақстан мен Оңтүстік Корея жалпы сомасы $4,5 млрд болатын 58 бірлескен инвестициялық жобаны іске асыруда», – деді ҚСЗИ директоры.
Сараптамалық форум қатысушылары Орталық Азия мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді. Цифрлық технологиялар саласындағы серіктестікті тереңдетудің стратегиялық маңыздылығы атап өтілді. Бұл ретте сарапшылар оларды тараптардың табысты дамуының негізгі факторы ретінде белгіледі.