Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры Швеция Елшісімен кездесті

ҚСЗИ директоры Швеция Елшісімен кездесті

2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефан Эриксссонмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Швеция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары мен форматтары, Орталық Азия елдері мен Солтүстік Еуропа арасындағы көпжақты әріптестікті кеңейту мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. ҚСЗИ мен швед зерттеу орталықтары арасындағы сараптамалық және талдамалық өзара іс-қимылды дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Әлемде жүріп жатқан цифрлық трансформация үдерістері де кеңінен қарастырылды. Жандос Шаймарданов Қазақстанда цифрландырудың жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, технологиялық жаңғырту, заманауи цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру және жасанды интеллект саласында шешімдерді енгізу бағытындағы шараларға тоқталды.

Тараптар Қазақстандағы конституциялық реформаның барысын да талқылады. ҚСЗИ директоры бұл реформаның 2019 жылдан бері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан дәйекті түрде жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды саяси жаңғыру үдерістерінің қисынды жалғасы екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға мүдделілік танытып, Қазақстан мен Швеция арасындағы жан-жақты байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.

Дайджест жаңалықтарына жазылу