18 маусым күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Сингапурдың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Зулкифли Бахарудинмен кездесті.
Жандос Шаймарданов Елшіні қарсы ала отырып, ҚСЗИ Орталық Азия, Қытай және Ресейдің талдау орталықтарымен, сондай-ақ Индонезия мен Малайзияны қоса алғанда, АСЕАН елдерінің бірқатар зерттеу институттарымен белсенді ынтымақтасатынын атап өтті. ҚСЗИ директоры өткен жылдың мамыр айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға мемлекеттік сапармен барып, жаһандық қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етудегі орта державалардың рөлі туралы өзінің көзқарасын баяндайтын бағдарламалық дәріс оқығанын еске салды.
«Бұл тұрғыда біз Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктесі ретінде қарастырылатынын ескере отырып, Сингапурдың зерттеу институттары және талдау орталықтарымен ынтымақтастықты тереңдетуге шын жүректен мүдделіміз», — деп атап өтті Ж.Шаймарданов.
Өз кезегінде Зулькифли Бахарудин Қазақстан мен Сингапур арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқынының жағымды бағытын атап өтіп, Сингапур Қазақстанмен сараптамалық бағытта ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін және мемлекеттік басқару саласындағы зерттеу тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.
Тараптар халықаралық саяси күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын жан-жақты талқылап, елдер арасындағы сараптамалық диалогты жандандыруға үміт білдірді.

