2025 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның cтратегиялық зерттеулер институтының ғалым хатшысы доктор Айгүл Көшербаева Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттік басқару жөніндегі сарапшылар комитетінің 24-ші сессиясында «Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект жүйелерінің транспаренттілігі мен есептілігі» тақырыбында баяндамасын ұсынды. Ол осы комитеттің мүшесі болып табылады.
Өз баяндамасында Айгүл Көшербаева мемлекеттік секторда жасанды интеллектіні қолданудың бірнеше жарқын мысалдарын атап өтті, олар тек технологиялық прогресті алға тартумен қатар, маңызды әлеуметтік-экономикалық пайда әкеледі. Бұл мысалдар жасанды интеллектінің кедейлік, жұмыссыздық, дезинформация сияқты өзекті мәселелерді шешуге арналған қуатты құралға айналатындығын және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететіндігін айқын көрсетеді.
Баяндамамен толық танысу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://docs.un.org/E/C.16/2025/4
