2024 жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Грузияның Стратегиялық және халықаралық зерттеулер қоры – Рондели қорының» («GFSIS») президенті Екатерина Метревели бастаған делегациямен кездесу өтті.
Тараптар Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде екі тараптағы әлеуметтік-мәдени және саяси өзгерістерді тереңірек түсіну үшін екі елдің ғылыми орталықтары арасындағы сарапшылық өзара әрекеттестікті кеңейту арқылы жолға қою қажеттігін атап өтті.
«GFSIS» президенті Екатерина Метревели Қор қызметінің бағыттарына тоқталып, өзара ынтымақтастықты нығайтуды, тәжірибе алмасуды және екі талдамалық орталықтың ресурстарында өзара жарияланымдар жасауды ұсынды.
ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов қазіргі заманауи жағдайда Қазақстан мен Грузияның сарапшылар қауымдастығы арасында екі елде болып жатқан үдерістер туралы ақпарат алмасуды жандандыру маңызды екенін мәлімдеді. Тараптар Қазақстан мен Грузияның зияткерлік, ақпараттық және мәдени салалардағы өзара әрекеттестігін нығайту қажеттігі туралы қорытындыға келді.