Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазіргі халықаралық қатынастар және дипломатия: Қазақстан Республикасының рөлі мен орны» Халықаралық қатынастар саласы мамандарының I форумы басталды. Іс-шарада Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов құттықтау сөз сөйледі.
Институт басшысы ҚСЗИ мен ҚазҰУ-ды ұзақ жылдар бойы жемісті ынтымақтастық пен әріптестік байланыстыратынын атап өтті. Сондай-ақ биыл ҚСЗИ-дың құрылғанына 30 жыл толатынын және ҚСЗИ құрылғаннан бастап институттың жетекші сарапшылары халықаралық қатынастар факультеті үшін негіз болған ҚазҰУ тарих факультетінің арнайы бөлімінің түлектері болды. Мысалы, Болат Сұлтанов, Қайрат Әбусейітов, Талғат Қалиев сияқты танымал ғалымдар 1992 жылы ҚМЭБИ жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының алғашқы сарапшыларының бірі болды. 1993 жылы маусымда оның негізінде ҚСЗИ құрылды.
Қазіргі таңда ЖОО институты мен факультеттері сараптамалық пікір алмасу мен зерттеулер жүрзігіп, студенттерге арнайы практика мен ғылыми тағылымдама ұйымдастыру үшін белсенді атсалысып жүр.
ҚСЗИ директоры ҚазҰУ бастамашылық ететін Қазақстан Халықаралық қатынастар саласы мамандарының қауымдастығын құрудың өзектілігін атап өтті. Оның айтуынша, қауымдастық халықаралық кәсіби қоғамдастықты нығайтуға, ғылыми зерттеулерді дамытуға және халықаралық қатынастар саласындағы білім беру сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар шетелдік зерттеу орталықтарымен және университеттермен әріптестік байланыстарды нығайтуға жәрдемдесетін болады.
Сондай-ақ Еркін Тұқымов халықаралық қатынастар факультетінің аясында «Фараби» талдау орталығының ашылуын құптады: «Орталықтың ашылуы ҚСЗИ мен ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне және елеулі нәтижелер беретініне сенімдімін. Ең алдымен тез өзгермелі геосаяси және геоэкономикалық жағдай аясында Қазақстанның дипломатиялық стратегиясын қалыптастыруға және елдің сыртқы саясаты саласында маңызды шешімдер қабылдауға көмектесетін іс жүзінде бағдарланған зерттеулерді айтқым келеді».