Күні кеше Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымымен аталған тақырып бойынша сараптамалық кездесу өтті. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы бейнеконференция форматында ұйымдастырылды.
Мұндай сараптамалық пікірталастар күрделі халықаралық динамиканы терең түсінуге ықпал етеді. Сондай-ақ Орталық Азияның болашағына әсер ете алатын нақты мәселелер мен шешімдер бойынша ұстанымдармен ашық алмасуға мүмкіндік береді.
Сарапшылар өңірлік дамудың келешегі мен мүмкіндіктерін талдай отырып, өзекті мәселелерді талқылады. Қатысушылар арасында Қазақстан мен шекаралас елдердің жетекші тәуелсіз сарапшылары болды.
Айта кетейік, бұл – Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатына қатысты мамандандырылған тақырыптар бойынша жоспарланған онлайн-пікірталастар сериясы аясындағы алғашқы кездесу. Талқылау Chatham House форматында өтті.