Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумының алаңында Иран делегациясымен кездесті. Делегация қатарында Сыртқы істер министрінің орынбасары, Иран СІМ Саяси және халықаралық зерттеулер институтының президенті Мухаммад Хасан Шейхольислами, Иран Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Иран СІМ Саяси және халықаралық зерттеулер институтының президенті Сейед Мухаммад Казем Саджадпур, Иран СІМ жанындағы Саяси және халықаралық зерттеулер институтының аға сарапшысы Ағарази Дормани Бахман және Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар бар.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының Иран делегациясымен кездесуінің негізгі тақырыптарының бірі Иранның тоғызыншы ресми мүше ретінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының соңғы 23-ші саммитіне кіруі болды.
Еркін Тұқымов өз сөзінде: «Иран – Қазақстанның географиялық және мәдени-тарихи көршісі. Осыған байланысты оның қауіпсіздігі мен өркендеуі Қазақстан халқы үшін ерекше маңызға ие», – деп атап өтті.
Тараптар екіжақты және көпжақты деңгейлерде өзара қолдауға негізделген серпінді саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ елдер арасындағы тауар айналымының 20%-ға өсуі 2022 жылдың соңына қарай 528 миллион долларға жеткенін сөз етті.
Қазақстан мен Иранның сараптамалық қоғамдастықтары өкілдерінің кездесуі халықаралық көлік дәліздерін дамыту арқылы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда сарапшылар «Ақтау халықаралық теңіз порты – Астана халықаралық теңіз порты» халықаралық көлік дәлізінің ерекше рөліне назар аударды.
Сонымен қатар қос ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынастардың қарқынды дамуына назар аударылды. Қазақстандық ғалымдардың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды зерделеу үшін Иранға баруының кеңейіп келе жатқан мүмкіндіктері талқыланды. Студенттер мен оқытушыларды академиялық алмасу бағдарламасымен жіберу, сондай-ақ арнайы курстар өткізу сияқты өзара іс-қимыл тректері белгіленді.
Тараптар Қазақстан-Иран қатынастарын екіжақты және көпжақты деңгейлерде, оның ішінде екі елдің өзара іс-қимылы мен сараптамалық қоғамдастығының әлеуетін нығайту арқылы одан әрі ілгерілетуге өзара мүдделілік білдірді.