Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ сарапшылары Сенат жанындағы Талдау мектебін сәтті аяқтады

ҚСЗИ сарапшылары Сенат жанындағы Талдау мектебін сәтті аяқтады

Сенат жанындағы Талдау мектебінің төртінші кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл бағдарлама стратегиялық талдау мен мемлекеттік басқару саласындағы сараптамалық әлеуетті дамытуға бағытталған.

Жоба түлектерінің қатарында – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) Еуропа және Америка зерттеулері бөлімінің басшысы Бекжан Садықов және ҚСЗИ-дің Жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің басшысы Ерлан Жақыпов бар. Олар курсты сәтті аяқтап, жоғары дайындық деңгейі мен аналитикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.

Бұл кезеңнің басты тақырыбы Data-driven decision-making аясындағы аналитика және цифрлық құралдар болды. Сегіз апта бойы қатысушылар дәрістер, тренингтер, практикалық сабақтар форматында жаңа білім алды, топтық баяндамалар әзірледі және тәжірибелі менторлардан кеңес алды.

Оқыту қорытындыларын шығаруға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. Палата Спикері төртінші кезең қатысушыларының баяндамаларының жоғары деңгейін атап өтті.

ҚСЗИ-дің оқу процесіне қосқан үлесі ерекше назар аударуға тұрарлық. Институт директоры Еркін Тұқымов аналитикалық материалдар әзірлеу бойынша практикум өткізіп, сараптамалық-талдау қызметінде қолданылатын негізгі әдістер мен құралдармен бөлісті. Директордың орынбасары Алуа Жолдыбалина мен бас ғылыми қызметкер Санат Көшкімбаев Талдау мектебінің менторлары болды. Олардың жетекшілігімен қатысушылар қорытынды күні ұсынылған аналитикалық баяндамаларды дайындады.

Сенат жанындағы Талдау мектебі – Қазақстанда аналитиканы дамытуға және кәсіби сарапшылар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған білім беру жобасы.