Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ сарапшылары ТМҰ бақылаушы елдердің сыртқы саясат жөніндегі ресми зерттеу орталықтарының отырысына қатысты

ҚСЗИ сарапшылары ТМҰ бақылаушы елдердің сыртқы саясат жөніндегі ресми зерттеу орталықтарының отырысына қатысты

Қырғызстанда «Түркі әлемі – бір әлем» атты Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушы елдерінің сыртқы саясаты жөніндегі ресми зерттеу орталықтарының 10-шы отырысы өтуде. Оған ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы және бас сарапшысы Айдар Құрмашев пен Болат Әуелбаев қатысты.

Айдар Құрмашев ТМҰ қатысушыларының егемендігінің негізі ретінде өзінің ғылыми базасын қалыптастыру мүмкіндіктерін бағалауға арналған сессияда «Қазақстанның ОТГ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастыққа көзқарасы» туралы баяндамасын жасады. Сессия қатысушылары технологиялық артта қалушылықты қалай еңсеруге, қандай жолмен өзінің кадрлық әлеуетін арттыруға болатынын талқылады.

Қазақстан үшін түркітілдес елдермен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, Айдар Құрмашев стратегиялық шешімдер мен сыртқы саяси бағдарларды қалыптастыруда маңызды орын алатын талдау орталықтарының рөлі мен ықпалының артып келе жатқанын атап өтті. Өз қызметінің 30 жылында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бүкіл әлем бойынша жетекші талдау орталықтарымен 70-тен астам меморандумға қол қойды. Институт жанынан бірнеше талдамалық құрылымдары бар екіжақты сараптамалық кеңестер құрылды, Орталық Азия елдерінің «ақыл-ой орталықтарымен» ынтымақтастық жанданды.

Жыл сайын өңір мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулерінің алдында екіжақты және көпжақты қатынастарға байланысты өзекті мәселелер ашық талқыланатын сараптамалық кеңестер өткізіледі. Мысалы, биылғы жылы ҚСЗИ VI Консультативтік кездесуге ұсынымдар әзірлеуге арналған Орталық Азия сарапшыларының форумын өткізді.
Одан әрі ынтымақтастықты нығайту үшін ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы нақты мәселелерге назар аудара отырып, шағын топтарда сараптамалық сессиялар өткізуді; ғылыми журналдарда жарияланымдар арқылы әдіснамалық әзірлемелермен өзара алмасуды жолға қоюды; студенттік алмасуды және академиялық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды.

«Түркі әлемі: бір сын-қатер – ортақ іс-қимыл» сессиясы табиғи апаттар кезінде қарсы тұру және климаттық сын-қатерлердің алдын алу үшін ортақ тәртіп пен шарттарын әзірлеуге арналды. Осы сессияда Болат Әуелбаев ТМҰ алдында тұрған климаттық сын-қатерлері, Бакудегі СОР29 және энергетикалық саясат тақырыбын көтерді.

Іс-шараға Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық стратегиялық бастамалар институтының, Әзірбайжан Республикасының Халықаралық қатынастарды талдау орталығының, Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының, Түркия Сыртқы істер Министрлігі жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының, Венгрия халықаралық қатынастар институтының, Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қатынастар институтының стратегиялық зерттеулер ғылыми орталығының, Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының өкілдері қатысты.