2024 жылдың 23-25 қазаны күндері Шанхайда (ҚХР) Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Талдау орталықтары форумының 12-ші отырысы өтті. 2014 жылы Қытай тарапының бастамасымен құрылған форум 2021 жылы АӨСШК-ті ақпараттық-талдамалық қолдауды, сондай-ақ мүше мемлекеттердегі талдау орталықтары мен зғылыми-зерттеу институттары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші органға айналды. Форумды Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы үйлестіреді. «Көп полярлы әлемдегі Азияның жаңа рөлі» тақырыбындағы кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дәурен Әбен қатысты.
Кездесу барысында АӨСШК «ақыл-ой отралықтарының» өкілдері көпполярлы әлемнің даму үрдістері мен перспективаларын, көпполярлықты ілгерілетудегі АӨСШК механизмінің рөлін, Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төніп тұрған қауіптер мен қатерлерді талқылады. Жаһандық дүрбелең мен трансформация кезеңіндегі тұрақты дамудың мақсаттары мен жолдары, жасылдандыру саласындағы жетістіктер, цифрлық экономиканы дамыту және өндіру және өткізу тізбегінің интеграциясы қарастырылды. Отырыс аясында халықаралық ұйымның ашықтығы мен инклюзивтілігін, оның ішінде оның жастар мен әйелдерді дамыту саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі міндеттемесін көрсетуге арналған «АӨСШК-дегі жаңа күштер» тақырыбында қосалқы іс-шара өтті.
Дәурен Әбен «АӨСШК механизмін Азиялық тұрғыдан құру» сессиясында «Орталық Азия қауіпсіздігін нығайтудағы АӨСШК рөлі» тақырыбында баяндама жасады. ҚСЗИ өкілінің пікірінше, АӨСШК құру бастамасын жүзеге асыру сатысына жеткізу бойынша көп жылғы дипломатиялық жұмыс Азияның саяси субрегионы ретінде Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның субъективтілігін нығайтуға және оның одан әрі халықаралық қоғамдастыққа интеграциялауына ықпал етті. АӨСШК-нің Қазақстанның және аймақтағы басқа да елдердің сыртқы саяси стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды рөліне тоқтала келе, Дәурен Әбен АӨСШК аясындағы сенім шараларын әзірлеу және іс жүзінде қолдану өзара сенім мен Азиядағы ынтымақтастық рухының артуына ықпал ететінін атап өтті. Сарапшы Қазақстан мен оның АӨСШК бойынша серіктестері, Президент Тоқаев айтқандай, Азияның «геосаяси шайқастың негізгі алаңына» айналуына жол бермей, шын мәнінде өміршең ортақ, жан-жақты, бөлінбейтін, біртұтас, өзара тең және тұрақты жалпыазиялық қауіпсіздік архитектурасының негізін қалайтынына сенім білдірді..
ҚСЗИ-дан басқа АӨСШК талдау орталықтары форумының 12-ші отырысына Әзірбайжан, Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Иран, БАӘ, Ресей, Өзбекстан және Таиланд елдерінің жетекші ғылыми ұйымдарының сарапшылары, сондай-ақ АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай және ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Олег Копылов қатысты. Отырысқа қатысушылар АӨСШК жұмысын оның барлық өлшемдері бойынша сарапшылық сүйемелдеу сапасын арттыру мақсатында Форумның сессияаралық қызметін жандандыруға келісті.