Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ сарапшысы Цифрландыру және адам құқықтары жөніндегі Еуропа Кеңесінің дөңгелек үстелінде сөз сөйледі

ҚСЗИ сарапшысы Цифрландыру және адам құқықтары жөніндегі Еуропа Кеңесінің дөңгелек үстелінде сөз сөйледі

2 қазанда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) Стратегиялық талдау бөлімінің бас сарапшысы Айдана Акесина Еуропа Кеңесі мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты бірлесіп ұйымдастырған «Цифрландыру және адам құқықтары: сын-қатерлер, тәуекелдер және шешімдер» тақырыбындағы дөңгелек үстелде баяндама жасады.

Іс-шараға Уәкіл жанындағы үйлестіру және сараптамалық кеңестердің, ғалымдар және жастар комиссияларының мүшелері, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен құқық қорғау құрылымдарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде А. Акесина Қазақстандағы онлайн-петициялар институтының жұмыс істеуіне талдау жасап, оның азаматтық қатысу цифрлық құралдарын дамытудағы және қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылындағы маңыздылығын атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша цифрлық құқықтарды табысты дамыту үшін мемлекет, азаматтық қоғам және сарапшылар қауымдастығы арасындағы синергия, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі атап өтілді.

blank