Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ сарапшысы Таиландтың жетекші университеттерінде дәріс оқыды және сараптамалық дөңгелек үстелге қатысты

ҚСЗИ сарапшысы Таиландтың жетекші университеттерінде дәріс оқыды және сараптамалық дөңгелек үстелге қатысты

Таиланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен ұйымдастырылған жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Азия зерттеулері бөлімі басшысы Айдар Кұрмашев елдің бірнеше жетекші университеттерінде дәрістер оқып, сарапшылық презентациялар өткізді, сондай-ақ тай академиялық және аналитикалық орталықтарының өкілдерін біріктірген тақырыптық дөңгелек үстелге қатысты.

Дәрістер Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарына, Орталық Азияның посткеңестік кеңістіктен өсу үстіндегі субъектілігі бар аймақ болып қалыптасып келе жатқанына, сондай-ақ орта державалардың фрагменттелген дүниежүзілік тәртіп жағдайында атқаратын рөліне арналды. Қазақстан мен Таиландтың сыртқы саясат стратегияларына тән «селективті тарту» және институционалдық хеджирлеу логикасына жеке назар аударылды.

Университет аудиториясында өткізілген дәрістер барысында Орталық Азиядағы демографиялық және әлеуметтік-экономикалық тенденциялар, аймақтық тәуекелдер мен ынтымақтастықтың басымдықтары, сондай-ақ Білім, ғылым, логистика және гуманитарлық алмасу салаларында Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы байланыстарды дамыту перспективалары талқыланды. Тай студенттері мен оқытушылары Қазақстанның түрлі ықпал орталықтарының арасында теңгерімді және прагматикалық сыртқы саясат жүргізетін мемлекет ретінде тәжірибесіне жоғары қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, Қазақстандағы саяси модернизация мәселелері де қаралды. А. Кұрмашев елде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі параметрлерін атап өтіп, олардың тежегіштер мен қарсы салмақтар жүйесін нығайту, өкілді институттарды кеңейту және мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын арттырудағы маңыздылығын көрсетті. Жүргізіліп жатқан реформалардың институционалдық жаңарту мен инклюзивті әрі теңгерімді саяси жүйені қалыптастыруға бағытталғаны, сондай-ақ бұл өзгерістердің азиялық академиялық қауымдастық аясында салыстырмалы зерттеулер үшін қызығушылық тудыратыны айтылды.

Тай зерттеу институттары мен университеттерінің өкілдері қатысқан сараптамалық дөңгелек үстел аясында халықаралық жүйедегі орташа державалардың рөлі, Еуразия мен Үнді-Тынық мұхиты аймағының өзара әрекеті, сондай-ақ Қазақстан мен Тайланд арасындағы академиялық және эксперттік ынтымақтастықты кеңейту мүмкін бағыттары бойынша терең пікір алмасу жүргізілді.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар тұрақты кәсіби байланыстарды дамытуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және кейінгі эксперттік іс-шараларды ұйымдастыруға өзара қызығушылық білдірді.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ академиялық және эксперттік дипломатияны Қазақстанның Азиядағы аналитикалық және интеллектуалдық қатысуын ілгерілету және аймақтың негізгі серіктестерімен диалогты нығайтудағы маңызды элемент деп есептейді.

Дайджест жаңалықтарына жазылу