14 қарашада Варшавада «Жаһандық және өңірлік өзгерістер жағдайындағы Орталық Азия» атты семинар өтті. Іс-шараны Шығыс зерттеулер орталығы (OSW) Польша Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар халықаралық ахуалдың өзгеруі, жаһандық тәртіптің трансформациясы жағдайында Орталық Азияның рөлі, сондай-ақ аймақ елдері, Польша және Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылауға арналды. Ерекше назар өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне, экономикалық өзара байланыстылыққа және саяси диалогты кеңейту мүмкіндіктеріне аударылды.
ҚСЗИ атынан Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы Әлішер Әбдірешев қатысып, Қазақстанның өңірлік даму жөніндегі ұстанымын және Еуропалық серіктестермен өзара іс-қимылға қатысты көзқарасын таныстырды.
Семинар жұмысына Орталық Азия елдерінің мемлекеттік және тәуелсіз талдау орталықтарының өкілдері, Польша сарапшылар қауымдастығының мүшелері мен дипломатиялық корпус қатысты.
Талқылау Польша мен Орталық Азия елдері арасындағы диалогты нығайтуға деген артып келе жатқан қызығушылықты айқын көрсетті. Сонымен бірге жаһандық сын-қатерлерге жауап беру үшін сараптамалық өзара іс-қимылды жалғастырып, бірлескен тиімді шешімдер әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді.
OSW 1990-жылдардан бері посткеңестік кеңістікті, соның ішінде Орталық Азия елдерін зерттеп келеді. Осы уақыт ішінде орталық өңірді талдауға маманданған Еуропалық одақтың жетекші сараптамалық ұйымдарының бірі ретінде танылды.


