2024 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ҚСЗИ өңірлік желісін таныстырды.
Алғаш рет ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ еліміздің өңірлерінде – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Ақмола және Абай облыстарында сегіз өкілдік ашты. Сондай-ақ, бил өңірлік желіні дамыту аясында ҚСЗИ-да жаңа Өңірлермен жұмыс бөлімі құрылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, академиялық және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Өзінің алғысөзінде ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов ҚСЗИ өңіорліке желісі аймақтардың аналитикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті.
Е.Тұқымовтың айтуынша, өңірлік желіні дамыту өңіраралық үйлестіруді жақсартады, өңірлердегі өкілі арқылы жедел және сенімді мәліметтерді «бірінші қолдан» алуға, өңірлер бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму серпінін бақылауға және түптеп келгенде, ҚСЗИ дайындаған талдамалық және әлеуметтанулық өнімдердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі – өңірлерді жан-жақты дамыту. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» – бұл жай ғана әдемі сөздер емес, елімізді жаңғыртудың айқындаушы формуласы. Осы орайда өңірлік зерттеулерді сапалы әрі жан-жақты жүргізу аса маңызды. Экономикалық және әлеуметтік саладағы нақты көріністі «өңірден» көретін болсақ, біз сапалы талдаулар дайындап, өңірлерді қолдау мен дамыту бойынша кешенді ұсыныстар әзірлей аламыз», — деді Еркін Тұқымов.
Шара аясында аймақ өкілдерінің талдамалық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтен өтті. ҚСЗИ сарапшылары аймақтық әріптестеріне сандық және сапалық зерттеу әдістері, аналитикалық құжаттардың түрлері және олардың құрылымы туралы айтып берді. Тренинг қатысушыларына ғылыми зерттеулерді жоспарлау бойынша практикалық кеңестер берілді. Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздік тақырыбы да талқыланды.