30 мамыр күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Сыртқы саясат жөніндегі сараптамалық кеңес өтті. Бұл платформа ғылыми-сараптамалық және бизнес-қауымдастықтар, сондай-ақ ҚР мемлекеттік билік органдары арасындағы диалогты тереңдету үшін құрылған. Осы жылдың ішінде бірнеше отырыс өткізу жоспарлануда. Осыған ұқсас кеңестер ҚСЗИ-да экономикалық және ішкі саяси бағыттары бойынша жұмыс істеуде.
ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов алғы сөзінде практикалық ұсыныстар әзірлеу үдерісінің тиімділігін арттыру үшін Қазақстанның сараптамалық орталықтары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттігін атап өтті.
«Сыртқы орта біздің күш-жігерімізді шоғырландыруға – нақты шет елдер бойынша мамандандырылған «жүйелі сараптамалық қауымдастықты» құруға итермелейді. Соңғы уақытта біз Қазақстанға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз, бұл әртүрлі елдермен байланыстың артуынан көрінеді. Ғылыми-сараптамалық қауымдастық өзара әрекеттесу стратегияларын қалыптастыруға көмектесетін талдау мен ұсыныстар бере отырып, осы процеске белсенді қатысуы керек».
Талқылауда басқа мемлекеттер бойынша зерттеулерді дамыту мәселелері, сондай-ақ салалық зерттеулер бойынша мамандар даярлаудың маңыздылығы көтерілді. Бұдан басқа, Қазақстанның елдің жетекші сыртқы саяси әріптестерімен сараптамалық өзара іс-қимылын жандандыру мәселелері қаралды.
Іс-шараға қатысушылар Сыртқы саясат жөніндегі кеңес шеңберінде қарастырылып отырған тақырып бойынша талқылауға тұрақты сипатты беру қажеттігін атап өтіп, Қазақстанның сараптамалық және академиялық ортасында ол үшін қажетті әлеуеттің бар екенін айтылды. Осы бағыттар бойынша нәтижелі жұмыс жасау үшін сарапшылар өз ұсыныстарымен бөлісті.