Skip to content
Басты бет » Құрылым

Құрылым

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ

Қазақстанның стратегиялық даму орталығы тиімді жүзеге асыру үшін ішкі саяси үдерістер шеңберінде мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару мәселелерін зерттейді, ықтимал тәуекелдер мен сын-қатерлерді анықтайды, оларды түзету және жетілдіру бойынша ұсыныстар мен шешімдердің жобаларын қалыптастырады.

Директордың орынбасары, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер орталығының кураторы

ТОЛЫҚ ТҮЙІНДЕМЕ

БІЛІМІ:

  • 1996-1998 жж. – Қарағанды гуманитарлық колледжі.
  • 1998-2002 жж. – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Философия және психология факультеті.
  • 2002-2004 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасы. «Саясаттану» кафедрасы.
  • 2007-2010 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «23.00.00 – Саяси ғылымдар» мамандығы бойынша докторантурасы. «Саясаттану» кафедрасы.
  • 2013 ж. – INTO University of East Anglia (Ұлыбритания), Central European University-інде (Венгрия) ғылыми тағылымдама. ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы.

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ: «23.00.00. – Саяси ғылымдар» мамандығы бойынша Ph.D

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ:

  •  «Салыстырмалы талдау жасау негізінде өкілетті билік және саяси институттар» аймақтық семинары. (Алматы қ., 25-29 қараша, 2005 ж.).
  •  Климент Охридский атындағы София университетінде ғылыми тағылымдама (София қ., Болгария, наурыз-мамыр, 2008 ж.).
  •  «Орталық Азиядағы қазіргі саясат» аймақтық семинары. (Бішкек қ., 30 қазан – 1 қараша, 2008 ж.).
  •  Климент Охридский атындағы София университетінде ғылыми тағылымдама (София қ., Болгария, қазан-желтоқсан, 2009 ж.).
  •  «Мемлекет саясатын түсіндіруде PR технологияларды қолдану» тренингі, (Астана қ., 24.11.2010 ж.).
  • «Саясаттағы әлеуметтану – әдіс, ықпал, айла-шарғы ретінде» саяси технологиялар мектебінің бірінші сессиясы (Астана қ., 9.03.2011 ж.).
  • «Диаспораларды зерттеу әдіснамасы: теория және практика» саяси технологиялар мектебінің екінші сессиясы (Астана қ., 4.10.2011 ж.).
  •  «Жобаларды дайындау және басқару» халықаралық тренингі (14.04.2011 ж.).
  •  «Шиеленістерді басқару» шеберлік класы (11.04.2011 ж.).
  • «Саяси журналистиканың өзекті мәселелері» жазғы мектебі (21-30 маусым, 2011ж.).
  • «Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеудің статистикалық әдістері» шеберлік класы (20 қаңтар – 1 ақпан, 2012 ж.).
  • «Аймақтық қауіпсіздік және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әріптестік» семинары (10-20 наурыз, 2012 ж.).
  • Рейтингісі жоғары ғылыми журналдардағы басылымдар» семинары (15 наурыз, 2012 ж.).
  • «Thomson Reuters Scientific and Scholarly Research» семинары (17 сәуір 2012 ж.).
  •  «Саяси процесті болжау және үлгілеу: саяси ғылымдар саласындағы талдамалық және сараптамалық жұмыстардың практикалық аспектілері» тренингі (26 сәуір 2014 ж.).
  • «Саяси ғылымдарды зерттеудің парадигмалары» тренингі (Варшава, 17 наурыз 2014 ж.)
  • «SPSS-ке кіріспе» курсы (Central European University, 18-28 қараша 2013 ж.).
  • «Саяси шолуды қалай жазу керек?» тренингі (Central European University, 4 қараша 2013 ж.).
  • «College Writing 2.1x: Principle of Written English» курсы (University of California, Berkeley through edX, үш бөлімнен тұрады: 12 қараша 2013 ж. – 9 мамыр 2014 ж.).
  • «English Composition I: Achieving Expertise» курсы (University of Duke, through Coursera, сәуір-тамыз 2014 ж.).
  • «Writing for Academic Journal Publication» тренингі, профессор Р. Бантел (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, қазан – желтоқсан 2014 ж.).
  • Семинар: New informational communicative methods for teaching in high school (16.10.2014ж.).
  • Семинар: Internet and politics (23 қазан 2014ж.).
  • Семинар: How to use R (stats) package in political study (13 қараша 2014ж.).
  • Семинар: How to write a research article (27 қараша 2014ж.).


ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 2003-2004 жж. – С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті «Философия» кафедрасының оқытушысы.
  • 2004-2006 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті «Саясаттану» кафедрасының оқытушысы.
  • 2006-2007 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті «Саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы.
  • 2008-2009 жж. – ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері.
  • 2010 ж. қыркүйек – 2015 ж. қаңтар –  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті «Саясаттану» кафедрасының доценті.
  • 2015 жылдың қаңтар – 2015 ж. шілде – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің аға ғылыми қызметкері.
  • 2015 жылдың шілде айынан – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі.
  • 2021 жылдың ақпан айынан – ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ-дің директордың орынбасары.

МАРАПАТТАРЫ:

  • «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» мерейтойлық медалі, (2015 ж.)
  • «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы» мерейтойлық медалі, (2016 ж.)
  • «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі, (2018 ж.)
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы» мерейтойлық медалі, (2020 ж.)
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.)

ВЕДОМСТВОЛЫҚ МАРАПАТТАР:

  • ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ алғыс хаты, (2015 ж.)
  • «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісі, (2016 ж.)
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты, (2016 ж.)
  • «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ 25-жылдығы» мерейтойлық медалі, (2018 ж.)
  • ҚР Президенті жанындағы МБА ректорының алғыс хаты (2020 ж.);
  • ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының Алғыс хаты (2021 ж.)
  • ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарының алғыс хаты (2021 ж.)

БАСЫЛЫМДАРЫ:

Сараптамалық талдау орталықтарының даму, саяси технологиялар, Қазақстан Республикасының ішкі саясаты мәселелері бойынша 30-дан астам мақаланың, «Саясаттағы сараптамалық талдау орталықтары: әлемдік тәжірибе және Қазақстан» атты монографияның авторы. ҚР БҒМ, мемлекеттік органдар мен сараптамалық орталықтардың ғылыми жобаларына қатысты. 

Стратегиялық талдау бөлімі
Бөлімнің құрылымы

Стратегиялық талдау бөлімінің бастығы

ТОЛЫҚ ТҮЙІНДЕМЕ

Білім:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы (2007-2011, 2011-2012), «Саясаттану» мамандығы бойынша бакалавр және магистр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы (2013-2016), «Философия» мамандығы бойынша PhD.

Еңбек өтілі:

2012-2017 – ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері.

2017-2019 – Сүлейман Демирел университетінің аға оқытушы, ассистент профессор.

2019-2020 – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры.

2020 жылдың тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы.

Марапаттары: «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы 2017» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Президентінің алғыс хаты (2022).

Қоғамдық пікірді зерттеу бөлімі

Электоралды үдерістерді зерттеу бөлімі

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ
Азиялық зерттеулер бөлімі

Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімі

Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімі

Еуропалық және американдық зерттеулер бөлімі «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

1) Еуропалық кеңістік мемлекеттері мен АҚШ дамуының тенденцияларын және қазіргі халықаралық жағдайды талдау.

2) Қазақстанның ЕО елдерімен, еуропалық кеңістіктің шығыс бөлігімен және АҚШ-пен екіжақты қатынастарын талдау.

3) Шетелдік талдау орталықтарымен, жоғары оқу орындарымен және зерттеу ұйымдарымен өзара әрекеттесу.

Халықаралық қауіпсіздік бөлімі

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ
Экономикалық саясатты талдау бөлімі

Экономикалық саясатты талдау бөлімі «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

1) Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының даму үрдістерін, проблемаларын, факторлары мен заңдылықтарын зерттеу;

2) елдегі әлеуметтік-экономикалық процестердің болжамдары мен сценарийлерін әзірлеу;

3) экономикалық саясат саласындағы әлемдік тәжірибе мен үздік дағдыларды зерттеу

Жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімі

Жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімі «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

1) әлемдік экономикадағы үрдістерді, проблемаларды, құбылыстар мен процестерді және олардың Қазақстан Республикасына әлеуетті әсерін зерттеу;

2) сыртқы экономикалық орта динамикасының өзгеруі нәтижесінде Қазақстан Республикасы үшін тәуекелдер мен мүмкіндіктерді болжау;

3) Қазақстан Республикасының экономикасына тұрақтылық беру үшін әлемдік тәжірибе мен үздік дағдыларды зерделеу.

ӘКІМШІЛІК БЛОК
Медиажобалар бөлімі

Әкімшілік бөлімі