Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Армения тұрақтылық және мемлекеттік басқару институты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қазақстан-армян қарым-қатынастарын дамытуда маңызды құжатқа қол қою процесі 3 мамырда Ереван қаласында «Жаңа тәсілдер, жаңа ынтымақтастық» атты сараптамалық дөңгелек үстел барысында ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов пен Армения тұрақтылық және мемлекеттік басқару институтының басшысы Геворк Меликянның қатысуымен өтті.
Өз сөзінде Еркін Тұқымов Қазақстан мен Арменияның жақсы жағынан танылған ортақ өткені бар екенін атап өтті. Біздің елдеріміз ортақ тарихпен байланысты, бірақ екі елде болып жатқан процестер туралы әлі де хабардар емес. Бір-біріміз туралы білімді сонымен қатар сараптамалық диалог арқылы нығайту маңызды. Ашық пікірталас барысында іс-шараға қатысушылар бастаманы қолдап, белсенді түрде жүзеге асыруды қажет ететін ынтымақтастықтың перспективті салаларына назар аударып, экспертті ортада өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыруға уағдаласты.
Армения Қазақстан үшін стратегиялық маңызды Оңтүстік Кавказ өңіріндегі сенімді одақтас пен әріптес. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан арқылы Шығыс — Батыс бағытында жүктерді жеткізу қашықтығы мен мерзімдерін едәуір қысқартатын негізгі көлік маршруттары өтеді. Бұл жағдай Арменияның да геостратегиялық қызығушылығын тудырып отыр. Армениямен қарым–қатынасты нығайтудағы тағы бір қадам Еркін Тұқымовтың Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының өңірлік мәселелер және Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі Тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары, АР ҰЖ «Армения-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобянмен кездесуі болды.