Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «Мәслихат депутаттарын сайлау-2023: ерекшеліктері мен үрдістері» атты жаңа ұжымдық монографияның тұсаукесерін өткізді. Іс-шара мәслихаттардың құрылуының 30 жылдығына орайластырылып, жаңа сайлау жағдайларында өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына жан-жақты талдау жасады.
Монографияның авторлары ҚСЗИ директорының орынбасары А.С. Жолдыбалина, Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ж.М. Санхаева, Өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысының м. а. А.Г. Үрпекова, Саяси зерттеулер бөлімінің бас және аға сарапшылары Д.Б. Өтеғали, Қ.Е. Ықылас және Қ.С. Сайлау. Ұжымдық еңбек рецензенттері – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай және Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пусырманов.
Монографияда 2023 жылы өткен мәслихат сайлауының негізгі аспектілері талданады. Зерттеудің өзектілігі мәслихат депутаттарын сайлау форматының жаңа сайлау жүйесіне көшуімен байланысты.
Алуа Жолдыбалина жаңа сайлау шарттары электоралды және партиялық реформалар аясында енгізілгенін атап өтті.
«2022 жылғы электоралды және партиялық реформалардың негізгі мақсаты мәслихат депутаттарының өкілдігі мен есептілігін кеңейту болып табылады. Бір мандатты округтер бойынша тәуелсіз кандидаттарды ұсыну мүмкіндігі, бюллетеньдегі «Барлығына қарсы» бағаны маңызды болды», – деді ҚСЗИ директорының орынбасары.
Сонымен қатар партиялық заңнаманы реформалау саяси партиялардың сайланатын органдарға өтуі үшін дауыс шегін 7-ден 5%-ға дейін төмендетуді және саяси партияларды тіркеу процесін жеңілдететін өзгерістерді қамтыды. Сайлау жарияланған кезде «Respublica» және қазақстандық жасылдар партиясы «Байтақ» аты екі жаңа партиясы тіркелді.
Авторлар сайлаушылардың портретін құрастырып, сайлау процесінің өзін ұсынудан бастап дауыс беру нәтижелеріне дейінгі кезеңдерге тән ерекшеліктер мен тенденцияларды атап өтті.
Жанар Санхаева сайлау науқандарының өңірлік ерекшеліктеріне ерекше назар аударылғанын хабарлады. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу рәсімдері, дауыс беру нәтижелері және өңірлер бөлінісінде жаңа сайлау мәдениетін қалыптастыру процесі талданды. Сайлаудың гендерлік аспектісін зерттеу маңызды болды.
«Біздің зерттеу нәтижелеріміз көрсеткендей, жастар еліміздің мегаполистері мен оңтүстік облыстарында сайлаушылардың айтарлықтай үлесін құрады, ал солтүстік және шығыс облыстар егде жастағы сайлаушылардың басым болуымен сипатталады. Бұдан басқа, гендерлік бөліністе егде жастағы тұрғындар арасында әйел сайлаушылардың басым болуы байқалды, ал жас сайлаушылар арасында ерлердің үлесі жоғары. Сондай-ақ, біз сайлаудың болашақ циклдарында жас ер сайлаушылар үлесінің артуын күтуге болатындығын атап өттік. Өз кезегінде сайлаушылардың демографиялық құрамы туралы түсінік мәслихаттарға депутаттарды сайлауды тиімді ұйымдастыру мен өткізудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Өйткені өз сайлаушыларын түсіну кандидаттардың сайлау науқанының сайлауалды бағдарламаларды құрудағы табыстылығына тікелей әсер етеді», – деп атап өтті сарапшы.
Амина Үрпекованың айтуынша, зерттеу аралас, мажоритарлық жүйеге көшу өзін-өзі ұсынушылардың қатысуын ынталандырды, бұл сайлау процесін жандандырды және бәсекелестіктің күшейткенің көрсетті.
«Облыстық мәслихаттар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына бір мандатты округтер бойынша орын үшін орташа бәсекелестік орынға 4,3 кандидатты, аудандық мәслихаттарға – 3,0, қалалық мәслихаттарға — 3,4 кандидатты құрады. Сайлау қорытындысы бойынша депутаттың орташа портреті келесідей: 45-48 жас аралығындағы, жоғары білімі бар ер адам, инженерлік, қаржылық, білім беру салаларында жұмыс істейтін партия мүшесі», – деп бөлісті Амина Үрпекова.
Сайлау науқандарының аймақтық ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу рәсімдері, дауыс беру нәтижелері және өңірлер бөлінісінде жаңа сайлау мәдениетін қалыптастыру процесі талданды. Сайлаудың бәсекелестік деңгейін, кандидаттардың жеңісі мен сәтсіздігінің факторларын, сайлауды бақылау процестерін, гендерлік аспектісін зерттеу маңызды болды.
Зерттеудің басты қорытындысы мынада: мәслихаттарға сайлау науқаны жаңа сайлау жағдайларының пайда болуымен ерекшеленді, бұл өңірлердегі саяси және сайлау процестерінің серпінін жандандырып, арттырды.
Тұсаукесерге ҚР Парламенті Сенатының және мәслихаттардың депутаттары, академиялық және сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҰЭМ өкілдері қатысты.
Бұл басылым сайлау процестерін зерттеушілерге, саяси талдаушыларға, сарапшыларға, студенттерге, сайлауды ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға арналған.