Skip to content
Басты бет » Мюнхен конференциясы аясындағы жүздесу: ҚСЗИ директоры SIPRI басшылығымен кездесті

Мюнхен конференциясы аясындағы жүздесу: ҚСЗИ директоры SIPRI басшылығымен кездесті

Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) директоры Дэн Смитпен кездесті.

Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI) — бейбітшілік пен қақтығыс мәселелерін, әсіресе қару-жарақты бақылау мен қарусыздану үдерісін зерттейтін шведтік талдау орталығы.

SIPRI қарулы қақтығыстар, қару-жарақты бақылау және басқа да мәселелер бойынша тәуелсіз дереккөз болып саналатын «SIPRI жылнамасын» басып шығарады.