БҰҰ-ның Орталық Азия экономикасына бағытталған арнайы бағдарламасы 1998 жылы Орталық Азиядағы өңірішілік ынтымақтастықты нығайту және оны әлемдік экономикаға интеграциялау үшін құрылды. Бағдарламаны іске асыру донор елдер мен халықаралық ұйымдардың қолдауымен қатысушы елдердің ынтымақтастығы мен өзара тиімділігіне, ашықтығы мен теңдігіне негізделді.
Бағдарламаның қолданыста болған 25 жыл ішінде қатысушы елдер айтарлықтай прогресске қол жеткізді. БҰҰ өңірлік экономикалық комиссияларының (ЕЭК және ЭСКАТО) қолдауымен ОА елдерінің жалпы ішкі өнімі 2000 жылы 46 млрд доллардан 2022 жылы 406 млрд долларға дейін өсті. Бұл ретте ЖІӨ орташа өсу қарқыны 6,2% құрады.
Айта кетейік, СПЕКА елдері арасындағы тауар айналымы да өсіп жатыр. 2022 жылы ол үштен бірге өсіп, шамамен 10 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткішті екі есе арттырудың үлкен әлеуеті бар. СПЕКА форматындағы өзара іс-қимылды жалғастыру нарықтарды интеграциялау жөніндегі өңірлік тетіктерді құруға мүмкіндік береді және елдер арасындағы сауданың ұлғаюына ықпал етуі мүмкін. Қазіргі уақытта бұл аймақ әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан және тұрақты аймақтардың бірі.
Өңірдің оң экономикалық болжамдары инвестицияларды тартуды күшейтеді. UNCTAD баяндамасына сәйкес, былтыр Орталық Азияға түскен таза инвестициялар ағыны (2021 жылмен салыстырғанда) 40% өсті және 10 млрд долларды құрады, бұл ретте олардың 60% Қазақстанға тиесілі. Соңғы 20 жылда өңірге инвестиция көлемі 211 млрд долларға дейін өсті.
Сонымен қатар СПЕКА бірегейлігі – СПЕКА жұмысының негізгі бағыттарының бірі аймақтық ынтымақтастық тетіктері арқылы тиімді қол жеткізуге болатын Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) бағытталғанында. Бұл тәсіл елдерге өзекті күн тәртібін қалыптастыруға және қойылған міндеттерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Осылайша назарды ТДМ 6 (барлығына таза су және санитарлық тазалық) және ТДМ 7 (барлығына қолжетімді және таза энергия) аудару керек екендігі анықталды.
Белгілі болғандай, аймақ үшін таза ауыз су мен таза энергетикаға қол жеткізу проблемасы маңызды. Өңірдегі әлі толық көлемде іске асырылмаған ЖЭК-тің жоғары әлеуеті осы бағыттағы СПЕКА-ға қатысушы елдердің үйлестірілген жұмысы үшін кең өріс бар екенін білдіреді. Бұл су ресурстарын сақтау тұрғысынан қарағанда су мәселесіне де қатысты.
Жалпы, климаттың өзгеруіне байланысты жаһандық күн тәртібі әлемнің барлық елдерін қоршаған ортаға деген көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша Орталық Азия елдері 2050 жылға қарай температураның Цельсидің 2-2,5 градусына көтерілуіне тап болуы мүмкін, бұл әртүрлі экономикалық және әлеуметтік қауіптерге әкелуі мүмкін. Сондықтан, менің ойымша, бұрын Қазақстанның ҚР Президенті Қ. Тоқаев айтқан Орталық Азия елдерінің Климаттық мәселелер бойынша жобалық кеңсесін құру жөніндегі ұсынысы маңызды, сонымен қатар бұл климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша бірлескен пәрменді шараларды әзірлеуге кірісуге мүмкіндік береді. Жалпы, мұның бәрі Орталық Азия елдерінің климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күреске қосылуға бағытталған маңызды қадамы болып саналады.
Геосаяси турбуленттілік жағдайында Орталық Азия өңірі, керісінше, жалпы өңірлік проблемаларды шешу бойынша күш-жігерді біріктіру трендін белгілейтінін атап өткім келеді. СПЕКА елдерінің қазіргі Саммиті бағдарламаның негізгі мақсатына қатысушы елдердің сабақтастығы мен жақтаушылықтарын көрсетеді.
Әсел Әбен,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас сарапшысы