Skip to content
Басты бет » Өзгерістер кезеңі

Өзгерістер кезеңі

Өткен жылы елімізде үлкен өзгерістер болды. 2022 жыл маңызды саяси реформалар жылы. Күрделі қайта құрулар саяси институттар, орталық және аймақтар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге, өкілді билікті қалыптастыру принциптеріне, экономикалық қатынастарға әсер етті. Президенттің 2022 жылғы наурыздағы Жолдауымен және референдумда конституциялық өзгерістердің қабылдануымен еліміздің ауқымды құрылымдық саяси жаңғыруы басталды. 2022 жылы президенттік институт жаңа ережелер бойынша жұмыс істей бастады. 2023 жылдан бастап тежемелік және тепе-теңдік жүйесіндегі маңызды институт – Конституциялық сот жұмыс істей бастайды. Жаңа жылда Мәжіліс пен мәслихаттарды жаңа принциптер бойынша сайлау жоспарлануда. Өткен жылы басталған реформалар еліміз үшін алдағы онжылдықтардағы өзгерістердің бастауы болды. Елдің қоғамдық-саяси өмірінде әлі көп өзгерістер жасау қажет. Бұл азаматтық қоғам мен бизнестің белсенді қатысуын талап етеді. Қоғам, бизнес және мемлекет арасындағы тұрақты және ашық диалог арқылы ғана жақсы шешімдерге қол жеткізуге болады.
 
Гүлмира Тоқанова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері