Бұл сайлау науқанының маңызды ерекшелігі – партиялық тізімдердегі квотаның кеңеюі және депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаны есепке алу нормасы.
Биылдан бастап Мәжіліс сайлауында партиялық тізімге әйелдер мен жастардан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандар да саяси үдерістерге қол жеткізуде қиындықтарды бастан кешіретін әлеуметтік санат ретінде енгізілуі тиіс. Квотаның кеңеюі саяси қатысудағы теңдік қағидаттарын және шешімдердің инклюзивтілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Алайда квоталарды бұрын шеттетілген топтардың өкілдері тек осы топтардың (әйелдер, жастар және мүгедектер) мүдделерін қорғайтын механизм ретінде қарастыруға болмайды. Саяси квота тағайындаудың мақсаты – пікірлер плюрализмін қамтамасыз ету, біржақты (гендерлік немесе әлеуметтік негізделген) көзқарасты жеңу және ортақ игілік үшін шешім қабылдауда мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету.
Мәжілістегі депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаны есепке алу – бұл түзетудің басты жетістігі. Себебі бұл түсініктеме болмаса, квотаның мән-мағынасы жоғалатын еді. Бұл жерде бұрынғы түзетудің қателері ескерілгендігі жайлы айта кету керек, яғни әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квотаның тек тізімдерді тіркеу кезінде ғана жүзеге асырылуы түзетілді.
Осылайша, сайлауға қатысу квотасы (партиялық тізім) биліктің заң шығарушы тармағында бұрын өкілдік етпеген қоғамның топтары үшін саяси қатысу квотасына айналады. Квотаға мүгедектерді енгізу және Мәжілістегі депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаны есепке алу азаматтардың заң шығару процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге және бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделерін қорғауға арналған. Квота механизмін жетілдірудің келесі қадамы мәслихаттардағы квотаны есепке алу нормасы болуы тиіс.
Гүлмира Тоқанова,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
жетекші сарапшысы