Skip to content
Басты бет » Президент Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекет екенін тағы да атап өтті

Президент Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекет екенін тағы да атап өтті

Азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған мемлекеттік бастамалар мен әлеуметтік төлемдердің ұлғаюы өзін-өзі қамтамасыз ете алатын кейбір адамдардың осы қаражатты алуға ұмтылуына еріксіз әкеледі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы көмек шын мұқтаж жандарға ғана көрсетілуі керек екендігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанға ақша табу үшін келетін еңбек мигранттарын мысалға келтіріп, масылдықты арттырмауға шақырды.

Президент жастарды еңбексүйгіштікке, зейінділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау мақсатында Үкімет «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу бойынша республикалық жоспарды бекітті. Еліміздің барлық өңірлерінде Жұмысшы мамандықтары жылына арналған жоспарлар әзірленіп, оның ішінде жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейту шаралары қарастырылған.

Бұл жұмысқа бизнесті кеңінен тартуды қамтамасыз ету үшін барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылып, теңестіріледі.

Өз кезегінде әкімдер кәсіпкерлермен бірлесе отырып, өңірлер үшін басым мамандықтарды анықтап, сұранысқа ие кадрларды даярлау үшін колледждерге бағыт-бағдар бере алады.

Елнар Берікбаев,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы