Skip to content
Басты бет » Сараптамалық қоғамдастық деңгейінде Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарын дамыту

Сараптамалық қоғамдастық деңгейінде Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарын дамыту

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да Энди Олсен, АҚШ Сенатының сыртқы саясат комитет аппараты директорының орынбасары және осы комитеттің аға қызметкері Ханна Тобурннан тұратын американдық өкілдермен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты байланыстарды дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі арттыру перспективаларын бағалады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Кездесуге қатысушылар академиялық бағдарламалардың маңызды үлесін, қазақстандық-американдық өзара қарым-қатынастарды дамытуда сараптамалық қоғамдастық деңгейіндегі өзара іс-қимылды ерекше атап өтіп, оларды одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.

#ХалықаралықӘріптестік