Өткен жылдан бастап 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі. 1990 жылы осы күні Егемендік туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіздікке алғашқы қадамы жасалынды. Бүгінде еліміздің егемендігі қалыпты нәрсе ретінде қабылданады. Бірақ тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ерен еңбегінің нәтижесі болғанын әрдайым есте ұстаған жөн. Олардың ұрпақтары ретінде біздің алдымызда Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін сақтау мен нығайтудың жоғары мақсаты тұр.
Егемендікті жариялау – мемлекет тарихындағы маңызды қадам. Мысалы, Үндістанда Республика күні елдің британдық доминион мәртебесінен республикаға өтуін белгілейтін Үндістан Конституциясының қабылданған күні 26 қаңтарға сәйкес келеді. Үндістанның тағы екі ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні және Махатма Гандидің туған күні аталып өтіледі. Бразилияда да осындай мереке бар. 15 қараша — Бразилия Республикасын Жариялау күні. 1889 жылы дәл осы күні әскери төңкеріс болды, нәтижесінде монархиялық басқару формасы жойылып, президенттік республика құрылды.
Тарихи даму нәтижесінде әлемнің көптеген елдері республикалық басқару формасына келді. Республика латын тілінен аударғанда «халықтың күші» дегенді білдіреді, бұл елді басқарудың осы тәсілінің демократиялық сипатын көрсетеді. Саясаттану ұғымы ретінде басқару формасы туралы айтатын болсақ, ол жоғарғы билікті қалыптастыру тәсілін білдіреді. Республикаларда мұндай әмбебап әдіс сайлау болып табылады. Тәуелсіз мемлекеттің егемен халқы ел азаматтары арасынан депутаттар мен президентті өздері сайлайды. Еркін таңдау құқығы, тең дауыс беру құқығы –еркін халықтардың өз тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау жігер береді. Мұндай ұмтылыс халықты біріктіреді, барлық азаматтарды бостандық, теңдік және тәуелсіздік идеялары мен құндылықтары төңірегінде біріктіреді. Сондықтан бүкіл әлем бойынша және әртүрлі елдерде Республика күні тәуелсіздік жолындағы ел тұтастығы пен бірлігі мерекесін білдіреді.
Қазақстанда Республика күні – еліміздің басты ұлттық мерекесі. Биыл біз оны осы мәртебеде екінші рет атап өтеміз. Республика күні – халықтың бірлігі күні деп сеніммен айтуға болады. Бұл күні Қазақстанның туы егемендік пен тәуелсіздікке ұмтылған Қазақстан халқының бірлігін бейнелейтін бүкіл елді сипаттайды. Бұрын да бұл күн атап өтілетін, бірақ мұндай мәртебеде емес. Енді Республика күні тарихи дамудың жаңа кезеңінде бүкіл халықты біріктіретін мереке болуға арналған.
Ермек Тоқтаров,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы