Республика күні қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті.
ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов ұжымды ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтап, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды беттерді еске алып, әріптестеріне кәсібилігі, еңбексүйгіштігі және ел дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Республика күні қарсаңында ҚСЗИ қызметкерлерінің бірқатары мемлекеттік марапаттармен және ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ ҚСЗИ басшылығы мен мемлекеттік органдардың құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ж. Шаймарданов мемлекеттік марапат – «Ерен еңбегі үшін» медалін ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Забироваға, Экономикалық саясатты талдау бөлімінің жетекшісі Анна Альшанскаяға және Саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі Жанар Санхаеваға табыстады.
ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің алғыс хатымен ҚСЗИ директорының орынбасары Даурен Әбен, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Санат Қөшкімбаев, медиажобалар бөлімінің басшысының орынбасары Алмас Арзықұлов, стратегиялық талдау бөлімінің бас сарапшысы Айдана Акесина және басқа да қызметкерлер марапатталды.








