Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ мен Индонезияның Сыртқы саясат қоғамдастығы (FPCI) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ мен Индонезияның Сыртқы саясат қоғамдастығы (FPCI) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

16 қазанда бірінші Astana Think Tank Forum алаңында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Индонезияның тәуелсіз сыртқы саяси ұйым – Индонезияның Сыртқы саясат қоғамдастығы (FPCI) арасында меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында ҚСЗИ директоры Еркін Тұқым пен FPCI негізін қалаушы Дино Патти Джалал Қазақстан мен Индонезия арасындағы байланысты тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Еркін Тұқымов FPCI-нің дипломатия, климат, конфессияаралық келісім және жоғары оқу орындарымен жұмыс салаларындағы қызметін жоғары бағалады. Ол Қоғамдастық жұмысының негізгі бағыттарына қызығушылық танытып, қазақстандық тараптың өзекті мәселелер бойынша онлайн-сарапшылық кездесулер форматында жұмысты бастауға дайын екендігін білдірді.

«Біз әртүрлі салалардағы ынтымақтастығымызды кеңейту үшін үлкен әлеуетті көріп отырмыз», — деді Еркін Тұқымов. Қазақстан мен Индонезияның өз аймақтарындағы ең ірі экономика болғандықтан, бір-біріне ұсынатыны көп».

Ол Индонезияның әлеуметтік жүйені нығайтудағы және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Family Hope Program, Basic Food Card, Cash Social Assistance, Village Cash Transfer, Pre-Employment Program, Productive Assistance for MSMEs сияқты бағдарламаларын, сондай-ақ халықтың 84%-ын қамтитын кең ауқымды медициналық сақтандыру бағдарламасын National Health Insurance & Healthy Indonesia Card) енгізудегі табыстарын атап өтті.

Дино Патти Джалал өз кезегінде өз ұйымының қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде сыртқы саясат, АСЕАН елдері, климаттың өзгеруі, диаспора зерттеулері, орта державалар дипломатиясы туралы айтып берді, сондай-ақ институттар арасындағы тығыз ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, қазақстандық әріптестерін жыл сайынғы бейнеконференцияларға қатысуға шақырды.

Дино Патти Джалал, өз кезегінде, екі ел арасындағы мәдени және білім беру саласындағы алмасулардың маңыздылығына тоқталып, сондай-ақ институттар арасындағы тығыз ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Тараптар Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды, соның ішінде инвестиция, сауда және бірлескен жобаларды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Академиялық ынтымақтастықтың, студенттер мен ғалымдар алмасуының, бірлескен зерттеулердің маңыздылығы атап өтілді. Жиынға қатысушылар мәдени байланыстарды нығайтып, өнер мен әдебиет саласында тәжірибе алмасу қажеттігін баса айтты.

Кездесу соңында ҚСЗИ мен Индонезияның сыртқы саясат қоғамдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, бұл тараптардың пікірінше, Қазақстан мен Индонезия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ықпал етеді.

«Осы меморандумға қол қою серіктестікті нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Біздің ынтымақтастығымыз Қазақстан мен Индонезия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенімдіміз», – деді Еркін Тұқымов.

Анықтама: Индонезияның Сыртқы саясат қоғамдастығы (FPCI) — Джакартада (Индонезия) орналасқан тәуелсіз және партиялық емес сыртқы саяси ұйым, оның мақсаты «бүкіл елде және бүкіл әлемде позитивті Индонезия интернационализмін ілгерілету және қалыптастыру» болып табылады. FPCI сыртқы саясат, АСЕАН, Үнді-Тынық мұхиты, геосаясат, климат, орта державалар, геоэкономика, конфессияаралық қатынастар және диаспорадағы өзекті мәселелерді зерттейді.