2022 жылдың 20 қарашасында, яғни бүгін Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президенттік сайлауы өтуде. Ең басында демократиялық тәжірибесі жоқ болса да, өзінің демократиялық институттарын дамытуға талпынған Қазақстан ең үздік әлемдік тәжірибені, аса құнды атқарымдар мен жетістіктерді негізге алды. Дегенмен тәуелсіздік жылдары мемлекетіміз өзінің бірегей тәжірибесіне ие болды. Қазақстанда қалыптасқан саяси жүйе басқа мемлекеттер жүйесінің көшірмесі емес. Себебі бұл саяси жүйе еліміздің шынайы көрінісін, түрлі сұрақтарға жауаптың, қарапайым қазақстандықтардың үміті мен арманының көрінісі болып табылады.
Халық үшін парламенттік сайлаулар және референдумдармен қатар, президенттік сайлауға қатысу – өзінің саяси еркіндігін білдірудің басты механизмінің бірі. Сол күні әрбір қазақстандық алдағы 7 жыл бойы мемлекетті басқаратын адамды сайлайтынын түсінуі керек. Ол өзінің және балаларының болашағын, мемлекетіміздің келешегін таңдайды. Таңдау, таңдаулы болу, өз қолымен болашақты жасау – еліміздің әр азаматының ажырамас құқығы.
Нақты демократиялық қоғам әр азамат өз елінің билік көзі екенін түсінген кезде ғана қалыптасады. Сол кезде қай үміткер сайлауда жеңімпаз болатынына қарамастан, біз сайлауды жүргізу фактісінің өзі жеңіс, демократияның жеңісі деп айта аламыз.
Ольга Қалдыбаева,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
Әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің
жетекші ғылыми қызметкері