Skip to content
Басты бет » Саяси жүйені қайта жаңғырту тұрақты Қазақстанды қалыптастыруға көмектеседі

Саяси жүйені қайта жаңғырту тұрақты Қазақстанды қалыптастыруға көмектеседі

20 қарашада өтетін президенттік сайлау өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның мемлекеттілігін бекітуге мүмкіндік береді. Әлемнің әртүрлі белгілері бойынша бөлінуі аясында саяси және экономикалық сипаттағы тәуекелдердің көріністеріне жол беруге болмайды.

Қазір Қазақстанның жаһандық мәселелері мен қоғамдық проблемаларын жаңа күш-жігермен және тәсілдермен шешуге бет бұру қажет. Мемлекетіміздің трансформациясын жалғастыру және 2019 жылдан бастап қабылданған шешімдерді азаматтық қоғам үшін шынайы игіліктерге айналдыру маңызды.

Мұның бәрі саяси институттардың мандаттарын жаңартуды талап етеді. Президенттік сайлауды өткізу жаңа дәуірде орнықты Қазақстанды құру жөніндегі барабар іс-қимылдарды, сондай-ақ сыртқы және ішкі сын-қатерлерге ден қою шараларын әзірлеу үшін саяси жүйені қайта бастауға мүмкіндік береді.

Президенттік сайлау аяқталғаннан кейін, ең алдымен, республикамыздың әлеуметтік-экономикалық жайласуына бағытталған белсенді қайта құрулар уақыты басталады деп күтуге болады. Тең мүмкіндіктер алуға, ұлттық мүдделерді ілгерілетуге және ең бастысы өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға үлкен сұраныс бар.

Бекжан САДЫҚОВ, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері