Президенттік сайлау сияқты кез келген деңгейдегі сайлау өзіне қоғамның назарын аудартады. Бір жағынан, сайлауға мемлекеттің болашағы байланысты болса, екінші жағынан, сайлау үнемі саяси күреспен түйіндес. Сайлашылардың дауысы мен назары үшін сайлау штабтарында күрес жүреді. Сайлауалды үгіттеу науқаны шегінде сайлау тәсілдерінің түрлі тәсілдері мен механизмдері қолданылады.
Сайлау технологиялары туралы айтсақ, ең алдымен ұран, үгіт-насихат, үміткерлердің, саяси партиялардың сайлаушылардың назары мен дауысы үшін күресуде қолданылатын іс-шаралары ойымызға келеді. Бірақ сайлау технологиялары басқа институттармен де қолданылады. Атап айтқанда, дауыс беруді ұйымдастыру және жүргізуге жауапты ведомствалар, себебі сайлаудың легимтимділігіне жауап беретін маңызды көрсеткіштерінің бірі – сайлаушылардың келуі. Сондықтан сайлаушыларды сайлауға қатысуға ынталандыру, сол сияқты әрбір қазақстандыққа сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін дауыс беру ережелері мен рәсімдерін түсіндіру өте өзекті.
Халықты дауыс беруге ынталандыру үшін белгілі әрі жиі қолданылатын тәсілдердің бірі – парақшалар, баннерлер, БАҚ-тағы және теледидардағы жарнама екені сөзсіз. ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлауды жүргізуге жауапты орган ретінде осындай үгіттеу, ақпараттық-түсіндіру науқандарын ұйымдастырады және жүргізеді. 2022 жылы Президент сайлауында ҚР ОСК 50-ге жуық материал әзірледі. Олар интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілердің парақшаларында жарияланды.
Сонымен қатар ОСК-ның өз қызметін жариялауда ашықтығы мен қолжетімділігі өзіне назар аудартады: Орталық сайлау комиссиясының барлық отырыстары сурдоаударманы қамтамасыз ете отырып, ашық режимде өтуі; телеграм арналар және комиссияның интернет ресурсында сайлау бойынша арнайы бөлімнің ашылуы; отырыс қорытындысы бойынша БАҚ-қа ұсыну үшін тұрақты түрде брифингтердің өткізілуі.
Осылайша сайлау технологиялары саяси оппоненттер арасында билік үшін саяси күреске ғана емес, азаматтардың бостандығы мен құқығын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады.
Амина Үрпекова,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
Саяси зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері