Гүлмира Туканова,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
Стратегиялық талдау бөлімінің бас сарапшысы
Бүгін Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Президенттік жолдаулар үшін белгілі бір бағытқа бағытталған тақырыптардың кеңдігі тән. Мәселен, 2023 жылы экономикалық саясат мәселелері басты тақырыпқа айналды. Өткен жылы – экономикалық реформалар мәселесі салық және инвестициялық саясатқа баса назар аударуда, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаты үстемдік ететін құқықтық мемлекет құру қажеттілігінде жалғасын тапты. Биылғы тақырып – цифровизация мен жасанды интеллект дәуіріндегі даму парадигмасының өзгеруі.
Тақырыптық мазмұннан бөлек, Жолдаудың «көңіл күйі» мен жалпы әуеніне назар аудару қажет. Биылғы Жолдаудағы негізгі әуені – технологиялық прогресс пен соған байланысты жаңа мүмкіндіктер.
Жалпы, сегіз айдың қорытындысы бойынша 2025 жыл бейбіт әрі жемісті, жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулер мен іс-шараларға толы болды деп айтуға болады.
Өсім тек экономикада ғана емес, өмір сүру сапасында да байқалады. Президенттің бүгінгі Жолдауында инклюзивті экономикалық өсім мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасының маңыздылығын мемлекеттің басты мақсаты ретінде атап өтті: «Салық түрінде төленген әрбір теңге қоғамға сапалы мемлекеттік қызмет, инфрақұрылым, мемлекеттік қолдау шаралары түрінде қайтарылуы тиіс. Мысалы, биыл жарияланған Ғаламдық әлеуметтік прогресс индексінде еліміз 69,7 пункттен 71,5 пунктке көтеріліп, әлеуметтік прогресі жоғары мемлекеттер санатына өтті.
Бір айта кетерлігі, ғаламдық әлеуметтік прогресс индексі қоғамның әл-ауқатын экономикалық емес көрсеткіштерге сүйене отырып бағалайды. 170 елдегі әлеуметтік өркендеу деңгейі үш өлшемге топтастырылған 57 көрсеткіш бойынша есептеледі: «Негізгі қажеттіліктер», «Әл-ауқат негіздері» және «Мүмкіндіктер». Қазақстан ең жоғары балды «Негізгі қажеттіліктер» өлшемі бойынша 86,28 балл иеленді. Бұл өлшемге тамақтану мен медициналық көмек, су мен санитарлық жағдай, тұрғын үй жағдайы, қауіпсіздік сияқты индикаторлар кіреді.
Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның инфекциялық емес аурулардан болатын өлім-жітімді азайтудағы ілгерілеуін атап өтті. Еліміз мерзімінен бұрын болатын өлім-жітімді 25%-ға қысқарту мақсатына қол жеткізген ДДҰ-ның Еуропалық өңіріндегі он елдің қатарына кірді. Бұл жетістік, ең алдымен, бүкіл ел бойынша арнайы кардиологиялық және инсульттік орталықтардың құрылуына, сондай-ақ өмірлік маңызды кардиологиялық араласулар жасалатын катетеризациялық зертханалардың көбеюіне байланысты мүмкін болды.
Сондай-ақ еліміздің жүрек пен өкпе трансплантациясын қоса алғанда, күрделі хирургиялық операцияларды жүргізудегі жетістіктері атап өтілуде. 2012 жылдан бері жүректің айдау қызметін қолдайтын 600-ден астам қарыншалық көмекші құрылғы сәтті имплантацияланды. Бұдан бөлек, биыл Қазақстанда жүзінші жүрек трансплантациясы жасалды – бұл еліміздің медициналық қауымдастығы үшін символдық маңызы зор оқиға болды.
Қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту, медицинаны дамыту – әлеуметтік-экономикалық реформалардың түпкі мақсаты болып табылатын қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі көрсеткіштері.